"Жас маман" жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде 2019 жылғы 23 қаңтарда берген тапсырмасына сәйкес әзірленді.
"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" Мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "ҚР Үкіметінің қаулысымен" Кәсіпқор "Холдингі "КЕАҚ"Жас маман" жобасының операторы болып белгіленді.
"Жас маман" жобасының мақсаты 100 сұранысқа ие мамандық бойынша 180 колледж бен 20 жоғары оқу орнын жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады.
Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылған: - өңірлер бойынша сұранысқа ие 100 индустриялық және сервистік мамандықты анықтау; - іріктелген мамандықтар бойынша мамандар даярлайтын колледждер мен жоғары оқу орындарын іріктеу; - сатып алынатын жабдықтардың тізбесін қалыптастыру; - білім беру процесін жаңғырту, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерін оқыту үшін, сондай-ақ мәлімделген мамандық бойынша халықаралық стандарттар бойынша оқыту бағдарламасын жасауға жәрдемдесу үшін шетелдік әріптестерді тарту; - колледждерге қосымша қаржыландыру шартымен жабдықтарды сатып алу (кемінде 5% жергілікті бюджет есебінен); - лизинг тетігі арқылы және/немесе оқу орындарының өз қаражаты есебінен жабдықтар сатып алу. "Жас маман" жобасын іске асыру қорытындылары бойынша оқу ұйымдары республикалық және халықаралық деңгейде талап етілетін мамандарды даярлау үшін қажетті қазіргі заманғы құраылғылармен жабдықталатын болады, мәлімделген кәсіп бойынша өз өңірі үшін құзыреттілік орталықтарына айналады, сондай-ақ WorldSkills чемпионаттарына қатысушыларды даярлауды жүргізеді.